Тараз қаласында жол апатынан тәртіп сақшысы қаза болды

0
586
5
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қайғылы оқиға облыс орталығындағы көшелердің бірінде түнгі уақытта орын алған. Қызметтік көліктегі полиция экипажы өңірге спорт жарысына келе жатқан балалар мінген автобусты бастап келе жатқан. Кенеттен қиылыстан қатты жылдамдықпен шыққан BMW автөкөлігі тәртіп сақшыларына келіп соқтығысқан. Апат салдарынан бір жол сақшысы сол жерде жан тапсырды. Оның қасындағы әріптесі және BMW-дегі жүргізуші мен тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/62207-boldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз