Әуежайда орынсыз әзілдеген Алматы тұрғыны сотталуы мүмкін

0
329

Жүк тексеруші қызметкерлерімен Астана әуежайында орынсыз әзілдескен Алматы тұрғыны сот алдында жауап беретін болды.

Суд

29 сәуір күні сағат 16.50-де “Астана-Алматы” бағытымен ұшатын ұшаққа тіркелу кезінде 49 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жүк тексерушінің “Сөмкеңізде не бар?” деген сауалына “граната бар” деп жауап берген.

Мұнан кейін желілік полиция қызметкерлері дереу қол жүгін тексеріп, оның ішінен күдікті зат таппады. Ұсталған азамат болса бұл әрекетін жай әзіл деп түсіндіріп отыр. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, сот шешімін күтіп отыр.

Оған Қылмыстық кодектің 274 бабының 1 тармағы бойынша (жалған ақпарат тарату) айып тағылды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз