Алматыда құлаған көпірден зардап шеккендерге 2 млн теңге өтемақы беріледі

0
469

Алматыда көпір құлап, зардап шеккендерге қаржылай көмек берілетін болды. Өтемақының алды төленіп те жатыр. Қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан Тоқтасын Иманқұловтың отбасына жұмыс берушілері 2 миллион теңге берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Рухнувший мост в Алматы.

Ал артында қалған жесіріне өмірінің соңына дейін зейнетақы тағайындауды ойластырып жатыр екен. Өтемақы ауруханада жатқан 11 құрылысшыға да төленеді деп сендірді компания басшылығы. Шығын тек олардың алған жарақаттарына қарай өтелмекші.

Қазіргі жазатайым өлім құша жаздаған 56 жұмысшының бәрі демалысқа жіберілген. Ал апат себебі әлі күнге дейін белгісіз. Салынып жатқан көпірдің құлауына не себеп болғанын арнайы комиссия анықтауда.

“Шынымызды айтсақ, компания тарапынан мұндай қамқорлықты күткен жоқпыз. Жерлеу рәсіміне қаржылай көмек көрсетіп жатыр. Әрине, жазмыштан озмыш жоқ. Енді тергеу нәтижелерін күтеміз”, – дейді марқұмның туысы Серік Бекмұрзаев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз