Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым!

0
1009

Ерліке тағзым Адамзат тарихында бұрын соңды болмаған ірі соғыс 1941-1945 жылдары болды. Сол сұрапыл соғыс аяқталғанына 70 жыл болды. Отанын қорғап аждаһаның аузынан қайтқан Аталарымыздың теңдессіз ерлігі, отаншылдық нәріне суарылған биік парасаты, асқақ адами болмысы бізге мәңгілік өнеге, өмірлік мектеп, ізгілік пен адамгершілік этолоны болып қала береді. Адал ниетті, ақ тілеулі адамзат тірлігінің сұрапылдың өмірлік өнегесі бізден осыны талап етеді. Өйткені атадан балаға қалған біздің өмірлік салт-санамыз бізді осыған үйреткен.

9

Ата-бабамыздан бізге қалған ұлы сол мұратты өшпес өнеге елім деген ердің ұағатты тағлымын әспеттеп, ерлігінің алдында тәу етуге міндеттейді. Ата салтынан қалыптасқан бұл өмірлік қағиданы орындау бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы десек, сол дегдар парызды атқару мақсатында Астана қалалық әкімшілік аппаратына қарасты 27 жеңіс сарбаздарына мерейлі мерекеге сай, «Ұлы Жеңістің арайлы таңы жандарыңызға күш –қуат, бақыт нұрын төге берсін!» дей отырып, жас кәсіпкерлер атынан ақшалай көмек ұсындынылды. Олар тартқан азап пен көрген бейнеке қарағанда, не сыйласаң да өтеуі толмақ емес, бірақ «елін сыйлаған ерін де сыйлайды» деген жоралғы ғана бұл! Біздің елімізде соғыс ылаңдамаған, қасірет салмаған отбасы бар ма! Біз көрмесек те, біз өскен ортаға, ата-аналарымызға аз қиындық әкелген жоқ. Осы сыйды Сіздерге ұсынып отырған біздердің де аталарымыз өздеріңізбен бір сапта тұрып, Отан үшін от кешті. Сіздер көрген мехнат пен қан кешкен қиындық біздің әрқайсымыздың аталарымыз бен апаларымыз басынан өткерді. Сондықтан Сіздерді сыйлағанымыз өз атамызды сыйлағанымыз емес пе! Жас кәсіпкерлер қауымы өз ұрпағының бүгінгі бақыты үшін тозақтың ортасына түссе де, өр кеудесін оққа тосқан мәңгі өшпес ерлігіне ет жүрегі елжірей тұрып бас иеді де, өз сыйын ұсынды. Біздің мекемеміз «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» деп аталады. Астана қаласы аппараты 2004 жылдың 5 мамырындағы «2004 жылдағы Астана қаласын құру және дамыту бойынша міндеттер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмасын орындау мақсатында өмірге келген. Ол «Астанагенплан» МКК базасында 2004 жылы 6 тамызында Астана қаласы әкімдігі қаулысымен құрылған. Мекеменің қызметі мен негізгі мақсаты елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы аймағындағы оның экономикасының өсу жағдайын мониторингілеу, 2030 жылға дейінгі Астана қаласы тұрақты дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеу мониторингісін жасау, бизнес-жоспар әзірлеу, инвестициялық жоспар сараптамасы мен бағасы, компьютерлік бағдарламалау және компьютерлік технология облысындағы кеңестік қызмет көрсету жұмыстарын атқарады. Осы «Елорданы тұрақты дамыту орталығында» жұмыс істейтін барлық қызметкерлер атынан мұз жастанып , от оранған тұмақтың төрінен қайта оралған барлық құрметті ардагерлерді, туған тәуелсіз республикамыздың барша халқын, бейбітшілік сүйгіш бар адамзат қауымын бүкіл әлемге тыныштық пен бейбіт күннің шуағын сыйлаған Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Туған елімізге, жалпақ әлемге бейбітшілік орнатып, тыныштық сыйлаған Ардагер Аталарға денсаулық, бай да ұзақ ғұмыр тілейміз! Бүкіл әлемге танылып өскен, өсе берер Мәгілік Елдің әр ақ таңы тыныштық құшағында атса екен деген тілегімізді білдіреміз!

Орынбек Көпберген,

Астана қаласы, “Қазақ Үні” порталы

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз