Сирияға соғысуға кеткен «Ақжайық» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Айбек Ғұбайдуллинге халықаралық іздеу жарияланды.
Бұл туралы облыстық ІІД сілтеме жасап Мой город порталы хабарлайды.
«2015 жылдың 12 қаңтарынан бері Айбек Ғұбайдуллинге халықаралық іздеу жарияланды Ол Сириядағы билікке қарсы тарап сапындағы қақтығысқа қатысты деп айыпталуда», – деді ІІД өкілдері.
2014 жылдың 30 желтоқсанында Ғұбайдуллинге сырттай айып тағылған болатын. Айбек Ғұбайдуллин «Ақжайық» клубының капитаны міндетін атқарған.
Алайда, 2010 жылдың 30 қыркүйегі күні өз алаңында «Жетісудан» жеңілген соң, «Янтарь» кафесінде демалып отырған Ғұбайдуллин төбелеске қатысады. Төбелес кезінде ол денесіне түрлі жарақаттар алып, үлкен футболмен қоштасады.
Тек 2011 жылы бірінші лигада «Ақжайық» сапында ойнаған соң, кәсіби карьерасын аяқтаған.
Дереккөз: Nur.kz