Тілсіз жаудан астан-кестеңі шаққан аймақта өмір жоқ деп кім айтты? Тіпті адамдар үйленіп те жатыр.
Оджин Прувос есімді қалыңдық пен Дипеш Мунаками некелерін өткен аптада Катмандуда қиюлары керек болған. Бірақ айтып келмейтін апаттың кесірінен салтанатты шараны кейінге қалдыруға тура келіпті. Жас жұбайлар жер сілкінісінен кейін бір апта өтер-өтпестен үйлену тойын жасап үлгерді.
Оджин Провос, қалыңдық:
– Тойды еңсесі түскен адамдарға демеу болса деген ниетпен жасап отымыз. Өмірде зілзала сияқты қасіретпен қатар махаббаттай пәк сезім, тілектестік пен қамқорлық секілді жақсылықтардың бар екенін еске салған жөн деп шештік.
Дипеш Мунаками, күйеу бала:
– Қайғы жамылған отандастарымыз үшін кішкентай да болсын шаттық сыйласақ деген едік. Ойымыз жүзеге асқан сияқты. Тойға келген көп қонақ бір сәтке апат туралы ұмытып, қуанышымызға ортақтасты.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/62431-lyp-tti