АҚШ генералы: Путин Батысты ыдыратпақшы

0
380

Еуропадағы НАТО біріккен күштерінің қолбасшысы, АҚШ генералы Филип Бридлав, Ресей президенті Владимир Путин өз іс-әрекетімен Батыс, Еуропа Одағы және НАТО арасына сына қағуға ұмтылып отыр деп мәлімдеді.

4A9223F3-13AD-41A7-BD36-2C33ADE9BE3A_w640_r1_s

Соған қарамастан, АҚШ генералы АҚШ пен Ресей диалогқа қатысатын тұстар да бар деген пікірді бейсенбі күні Вашингтонда Сенаттың қарулы күштер жөніндегі комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

Генерал Бридлавтың бағалауынша, қазіргідей мұнай бағасының құлдырауына санкциялардың қосылуы Ресей президенті Владимир Путинге көптеген проблема тауып берген.

Генералдың пікірінше, энергияны қару ретінде пайдаланып келген Ресей болашақта да сонысын жалғастыра бермек. Ресейдің Иранға С-300 зениттік-зымыран кешенін сатуға салынған тыйымды жою туралы шешіміне түсініктемесінде Бридлав бұл да келіссөздердің күн тәртібіне ықпал ету әдісі ретінде пайдаланылып отырғанын айтқан.

Бридлавтың сөзінше, жақындағы Украинадағы ұрыс-қимылдардың саябырсуын Ресей әскері шабуыл жасауға күшті қайта жинақтау үшін пайдаланып отыр.

“Олардың көптеген іс-әрекеттері жаңа шабуылдарға дайындыққа келеді” деген Филип Бридлав АҚШ Сенатының қарулы күштер комитетінде сәуірдің 30-ы күні сөйлеген сөзінде.

Еуропадағы НАТО біріккен күштерінің қолбасшысы, АҚШ генералы Филип Бридлав Украинадағы жағдай «нәзік және тұрақсыз» болып отырғанын мәлімдеген.

Ол Ресей “ұлттық күш-қуатының барлық бөлігін – дипломатиялық, ақпараттық және экономикалық, сонымен бірге әскери” тетіктерді белсенді қолданып отыр деп санайды.

Вашингтон бұндай қауіп-қатерге жауаптың кез келген түрін, соның ішінде Украинаға қару-жарақ беруді де жоққа шығармағаны жөн деп мәлімдеген Филип Бридлав.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз