Күн ғаламшарларына қатысты сырдың құпиясын ашуға құштар жандар баршылық.
Бұл ретте ғалымдар арасында «Плутон планета ма, жоқ па?!» деген пікірталастың дау тудырып келе жатқаны белгілі. Тоғызыншы планетаның тағы қандай беймәлім қыры бар? Жуырда АҚШ Ұлттық аэрокосметикалық агенттігінің New Horizons ғаламшараралық зонты Жерге Плутонның жаңа фотосуреттерін жолдады. Жіберілген суреттерде Плутонның ең үлкен серігі Харон көзге шалынады. Сондай-ақ планетаның күңгірт әрі жарық тұстарын анық байқай аласыз. Ғалымдардың пікірінше, бұл полярлық қақпақ болуы мүмкін. Бір таң қаларлығы, ғаламшардың полюсі молекулалық азот мұздатылған қармен көмкерілген. Ғалымдар: «Зонд Плутонға одан әрі жақындай түссе, нақты тұжырым айтуға мүмкіндігіміз зор болады» дейді.
Естеріңізге салайық, New Horizons ғаламшараралық зонты NASA-ға 2006 жылы жіберілген болатын. Қазіргі таңда ғалымдар Плутон ғаламшары мен оның серігі Харон жайлы егжей-тегжейлі карта әзірлеу үстінде.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/62466-tady