Канада Непалға 4,1 млн АҚШ долларын бөлмек

0
496
11
Канада билігі Непалға 4 млн доллардан астам қаржы бөледі.
Мұндай көмек осымен екінші рет беріліп отыр. Бұған дейін аталған ел 5 млн доллар жолдаған болатын. Кезекті қаражат БҰҰ бастамасына жауап ретінде бөлінбек. Гуманитарлық көмек зілзаладан зардап шеккен халықты ас-сумен және баспанамен қамтамасыз етуге жұмсалмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Непалдағы 7,9 балдық жер сілкінісі 25 сәуірде болған. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 7 мың адамнан асты. Жарақат алғандар 14 мың адамнан көп.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/62484-b-lmek

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз