Непалдың іздеу қызметі лай көшкінінің астында қалып, қаза тапқан 50-ге жуық альпинистің денесін тапты.
Марқұмдардың арасында шетел азаматтары да бар екен. Ел билігі толассыз жауған нөсер мен тұманның кесірінен бұл маңға ерте жете алмай қалғандарын айтады. Қазір аумақтағы іздестіру жұмысы жалғасуда. Тағы 200-дей адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бірақ жергілікті шенеуніктердің айтуынша, тірі қалғандарды табу екіталай.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/62505-byldy