Жапонияның Ибараки префектурасында 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы РИА Новости сайты жазады. Жер сілкінісінің орталығы аталған префектураның оңтүстік бөлігінде, Хонсю аралының маңында болған. Жапонияның бас метеорологиялық басқармасы жер сілкінісінің ошағы 50 шақырым тереңдікте орын алғандығын алға тартады. Белгілі болғандай, жерасты дүмпулері Токионы қоса есептегенде 11 префектурада сезілген. Дегенмен цунами қаупі жоқ.
Соңғы тәулік ішінде Күншығыс елінде магнитудасы 4-тен асатын үш жер сілкінісі тіркелді. Авторы: М.Асылбек