Microsoft корпорациясы ғаламторға жүктелген сурет арқылы адамның жасы мен жынысын анықтауға мүмкіндік беретін онлайн-сервисті іске қосты.
Бұл туралы BNews.kz Naked Science сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Microsoft компаниясынан мәлімдегендей, how-old.net сервисін сынақтан өткізу кезінде оның қызметін 35 мыңнан астам адам пайдаланып үлгерген. Бір қызығы, соның 29 мыңы Түркия елінің азаматтары екен.
Сервистің жұмыс істеу тәсілі өте қарапайым: пайдаланушы суретті жүктейді, содан кейін Face detection API алгоритмі негізінде жұмыс істейтін қосымша суреттегі адамның жасын есептеп шығарады. Корпорациядағылар жүктелген суреттер сервисте сақталмайтынын атап өтті.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас