Сот бизнесмен Жамалиевті қамауда қалдырды

0
397

 

Сот Қайрат Жамалиевті қамауда қалдырды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамит Айтқалиевке сілтеме жасап.

6a29c26424d66c7f6163438848239b87-big

08faa4bf0d844d7a59ff253defd0b312-og

“Бүгін Астана қаласының соты тергеушінің сұраған – Жамалиев Қайратқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу судьясының шығарған қаулысын өзгеріссіз қалдырды”, – деп хабарланған  Aitkaliyeva & Partners Lawyers адвокаттық конторасының Facebook желісінде.

Бұл жазбаға түсінік бере отырып, Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамит Айтқалиев Tengrinews.kz тілшісіне Қайрат Жамалиевтің адвокатының тергеу судьясының қаулысына шағым түсіргенін мәлімдеді. Бұл шағым қанағаттандырылмады.

Жамалиев қамауда отыр. Facebook желісіндегі хабарламада Жамалиевтің жаңа адвокат таңдағаны жазылған. “К.Жамалиевта жаңа адвокат – менің әріптесім, Шайхин Мұхамбетқали. Жақсы адвокат, өз ісін біледі. Күн сайын Әліби Жұмағұловтың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде астаналық Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желілердің бірінде ұлы Әлібидің аяусыз соққыға жығылғаны, бұған кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы жариялаған еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз