Айсұлтан Назарбаевтың жұбайы алғаш рет сұхбат берді (фото)

0
414

 

Айсұлтан Назарбаевтың жұбайы, 22 жастағы Әлима Назарбаева  SNC Kazakhstan журналының мұқабасына шығып, сұхбат берді деп хабарлайды Comode.kz.

Әлима

Бүгінде «Астана» ұлттық сурет галереясында куратор болып қызмет атқаратын өнертанушы Әлима жұртшылық алдында тұңғыш рет өзі туралы әңгімелеген.

«Мені кішкентайымнан жақсы киіндірді. Менің басымда үйім болатын, саяхаттау және тағы басқа қызықтардан құр қалмадым. Алайда, мұндай отбасыда өмірге келу арқылы мен жолым болды деп айта аламын. Себебі, көп адамның мұндай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, менің үнемі адамдарға көмектескім келеді», – дейді Әлима.

әлима - 01

Сонымен қатар, ол Қазақстанда өзінің арт-галереясын ашып, өнертану сабақтарын жүргізгісі келетінін айтқан. Сондай-ақ, дүркітеріп өткен үйлену тойлары туралы айтуды да ұмытпады.

«Біздің тойымызда болған көптеген танымал адамдар ата-анамыздың достары. Олар тойға сахнада өнер көрсететін әртес емес, қонақ ретінде қатысты. Тағы бір айта кетерлігі, Бейонсе тойымызда болған жоқ», – деді Әлима.

Сұхбат соңында ол Алматы мен Астананы салыстыра келе, өз таңдауының Астанаға түскенін жеткізген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз