Елсияр Қанағатов: Елімізде қысқы спорт түрлеріне дұрыс көңіл бөлінбей келе жатыр

0
552
2
Алты ай қысымыз бар, алайда әлі күнге дейін олимпиадан жарытып медаль ала алмаймыз. Бұл елімізде қысқы спорт түрлеріне дұрыс көңіл бөлінбей келе жатқанын білдіреді. Бүгін орталық коммуникациялар қызметіне келген Мәдениет және Спорт министрлігі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов отандық мамандар жұмысына осындай баға берді.
Сондықтан бапкерлер мен спортшылардың дайындығын жіті қадағалауға алу керек. Осы мақсатта тіпті шетелден білікті мамандар тартып, жүлдеге іліккендер сыйақысын көбейту көзделіп отыр. Аймақтардағы олимпиадалық мектептерге қойылатын талап та күшейтілетіні айтылды. Ал Сочиде өнер көрсеткен жерлестеріміз қанағаттандырарлық деген баға алды. Енді олар негізгі үмітті 2017 жылы Алматыда өтетін универсиада мен 2018 жылы Кореяда өтетін олимпиадада ақтау керек. Қазір дайындық жұмыстары басталып кетті. Спортшылар намысқа тырысып, қалай да жүлделі орыннан табылатындарына сенімді.
Нұрберген Жұмағазиев, Шорт-тректен ұлттық құраманың мүшесі:
– Сочи олимпиадасында біз 5-орын алдық. Келесі мақсатымыз – Алматыда өтетін универсиадада жақсы нәтиже көрсету. 1 немес 2-орын аламыз деп нақты айта алмаймын. Бірақ бір медаль алуға тырысамыз, ілігеміз.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sport/item/62660-t-rlerine-d-rys-k-il-b-linbej-kele-zhatyr

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз