Мемлекеттік сана, ұлттық идея бір адамның ойынан шығатын дүние емес

0
489

sana

Ел тарихына қатысты жаңсақ пікір жазғандардан да қауіптісі еліміздің кейбір азаматтарының арасында да осыған ұқсас пікірдің болуында. Бұл түсінік түптің түбінде мемлекеттілігімізге зияны мен қатар, оны жоққа шығаруға дейін бару ықтималдылығында. Қазақ ұлтының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі статусының төмендеуіне әсер етуі. Мемлекетіміздегі ұлттық және этносаралық тұтастығына қауіптілігі. Үлкен мақсатқа жету үшін мықты идеяға бірігу керек. Ал оны жоққа шығару, мықты идеяның болмауына алып келеді. Әлде бір академиктің сөзі бар еді: «Ұлттық идеяның табиғатын түсініп алуымыз керек. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгер­мейді. Менің түсінігімде ұлттық идея табиғи түрде пайда болады. Ол ұлт­тың өмір сүруі, тілегі, ниеті, ойы. Идея деген бір адамның ойынан шығатын нәрсе емес. Бір субъективті ой емес ол. Идея деген – өте күрделі ой. Мысалы, өмірде түрлі қайшылықтар болады. Қайшылық деген – жаман нәрсе емес, одан қорқуға болмайды. Ол дамыған елде, дамыған ғылымда міндетті түрде болатын жағдай. Сол сияқ­ты, проблемалар туындап жатады. Сол қай­­шылықтарды, проблемаларды қалай шешу керек, қалай алға жылжу керек деген сауалдарға жауап беретін күрделі ой» деген. Демек, біріктіруші идея деген біреудің ойыннан шығатын ой еместігі, тарихи негізге негізделген болуы тиіс. Қазіргі таңда бізге әрбір ел азаматының бойында мемлекеттілік сананы қалыптастыру. Мемлекеттілік сана ол идеологияның негізгі қайнар көзі болса, ал сол қайнардан су ішкендер мемлекетшіл азамат болып қалыптасады. Дұрыс түсінуіміз керек біздің мемлекеттігіміз ежелден бар елміз. Бұл жерде идеологиялық тұрғыдан мемлееттілік сананы қалыптастыру. Мәселе біздің қазіргі таңда мемлекеттілік сананы қалыптастыра алдық па? Иә немесе жоқ деп айту қиын. Енді біздегі басты міндет мемлекеттілік сананы қалыптастыру жолындағы әрекет деп санаймын. Жалпы адамның санасының қалыптастырушы ежелден келе жатқан құрал кітап десек. «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылдағаннан бері көптеген игі істер қолға алынды. Енді сол бағдарлама ішінде жарық көрген дүниелердің ішінде айрықша еңбектерді айтар болсақ. Бабалар сөзінің 100 томдығы, Қазақтың ата заңдарының 10 томдығы және т.б көптеген дүниелер пайда болуда. Осы еңбектер дәстүр мен ділімізді және тарихи санамызды қалыптастыруда үлкен рол алатыны рас. Алайда, олардың таралым саны тым аз. Небары 3000 данадан әрі аспай жатыр. Осы туындылар әрбір үйде тұруға лайықты кітаптар. Оныңда тираждарының санының аздығы халқымыздың бай тарихымен толыққанды білуге мүмкіндік бермей жатқан сияқты. Жоғарыда айтқандай тарихи туризм мемлекеттілік сананы қалыптастыруда заманауи тұрғыдан үлкен рөл атқарады деген ойдамын. Тарихи туризм мемлекеттің тарихына қатысты ұлттық парктерді құру арқылы іске асады. Бұл дегеніміз, тек тарихты біліп қою емес, мемлекеттік идеологиямен біте қайнасқан деуге болады. Себебі, идеологияның ең негізгі аспектілерінің бірі тарихи аспектісі болып саналады. Еліміздің азаматтары үшін патриоттық рухына әсері жақсы болады. Себебі, тарихты көзбен көру айтарлықтай тиімді жеткізудің бір түрі.

Қазіргі таңда тарихи туризм табысты сала болып тұр. Осы мәселемен жоғарыдағы еліміздің тарихын жоққа шығарушы немесе қаралауға бейім адамдарға қарсы мықты аргумент ретінде және өскелен ұрпақпен, ел тарихынан хабары аз азаматтарымыздың тарихы санасын   қалыптастырып, таныстыруда маңызы зор. Тарихи туризммен табыс тауып, отындық және шетелдік туристерді тартуға мүмкіндік болар еді. Шетелдіктердің келуі елімізді жаңа қырынан терең тарихымен таныстырар едік. Ал көпшіліктің білуі белгілі бір дәрежеде ұлттық брендпен, мемлекет имиджіне айналуын елеулі әсерін тигізеді.

Бұл еліміздің тарихынан сыр шертетін ұлттық тарихи парктер құру туралы. Мынадай үш түрлі ұлттық тарихи парктер құруға болар еді.

  1. Қазақ хандығынның құрылған жері Хантау, Шу өзені, Қозыбасы болып саналады. Бұл жер «Қазақ» атауымен мемлекеттілігіміздің бастау алған жері болып табылады.
  2. Қазақ хандығының Ордасы болған Ұлытау (қазіргі Жезқазқан аймағы). Арғы қадым заманнан бері тарихымызда да, мемлекеттігіміздің негізгі болған жер.
  3. Алтайдан түркі-қазақ тарихынан сыр шертетін ұлттық тарихи парк құру. Еліміздің жерінде тек қазақ хандығының ғана емес, барша түркінің алтын бесігі болып саналады. Біз қарашаңырақ иесі екендігімізді дәлелдей түсер едік.

Осы жылы «Қазақ» атауымен қалыптасқан мемлекеттігіміздің 550 жылдығына орай он түрлі іс шара белгіленгенді. Енді он түрлі іс шара өтеді. Дұрыс. Осы іс шаралар бір жылға жоспарланған одан әрі мемлекеттігімізді тұрақты ұлықтайтын шаралар қарастырылмаған сияқты. Ал осындай тарихи туризмге негізделген парктер осынау науқаннан кейінде ұлықтап отыратын тұрақты орынға айналған болар еді.

Осыған ұқсас тарихи туризмге негізделген парктер шетелдерде де бар. Оған басқа бір мақалада тоқтала кетерміз.

Мұндай жобалар тарихи туризмге ғана емес, еліміздің идеологиялық тұрғыдан нығайта түсуіне септігін тигізеді.

Хантауы, Шу өзені, Қозыбасы өңірінде тарихи туризм паркін құру. Географиялық тұрғыдан Алматы-Астана, еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін жалғап жатқан жерде түйіскен. Қазақ хандығының құрылған жері тарихи деректер бойынша осы жер екендігі айтылған. 550 жылдық қарсанында іске асыруға қолайлы шақ деуге болады. Бұл дегеніміз келушілерінің санының көп болуына өз әсерін тигіздеді. Ұлттық болмыс тұрғысынан қарайтын болсақ. Алғаш рет «Қазақ» атауымен мемлекеттілігіміздің қаланған жер екендігін өскелен ұрпақ біліп жүретін болады. Керей мен Жәнібек хандардан бастап, одан әрі жалғасатын хандар тізбегіне кең мағұлымат берілуі, және т.б әр түрлі ел тарихына қатысты деректермен таныстыруға болады. Бұл болашақта мемлекетшілдік пен отаншылдықтың тамыры әрі де жатқандығын танытады. Осы өңірдің экономикалық және әлеуметтік әл ауқатының өсуіне септігін тигізеді.

Еліміздің белі бекігеннен кейін тарихи деректерде Ұлытауда хан ордасы болғандығы туралы айтылады. Ұлытау туралы тарихшылардың пайымдауына қарағанда одан әріде де хан ордалары болған дейді.   Жезқазған-Бейнеу теміржолы салынып бітті. Алдағы уақытта батыспен орталық өңірлерін қосып, үлкен дәлізге айналады. Демек әрі бері келіп кетуші, қатынаушы адамдар саны көп болады деп топшылауға болады. Ұлытаудан тарихи туризм паркін құру экономикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да тиімді болар еді. Осы өңірде Алаша хан, Жошы хан кесенелері, таңбалы тастар таяу орналасқандықтан халыққа, туристерге танытуға мүмкіндік артыруға негіз болады.

Түркі-қазаққа қатысты тарихи туризм паркін Алтайдан құруға болады. Алтай барлық түркі жұртының бастауы болып саналады. Шығыс Қазақстан Қотан-Қараңғай ауданнан құрса болар еді. Алтай тауы төрт мемлекеттің жерін басып жатыр. Дәл қазіргі жағдайда аталған мемлекеттердің ішінде біз ғана түркі жұртына кіреміз Бұл дегенміз қарашаңырақтың иесі екендігімізді дәлелдей түседі.

Мемлекет басшымыз Түркияға барған сапарында былай деген болатын. «Түркі халықтарының одақтастығының» жобасын бір қадам алға жылжытып, туын белгіледі. 200 миллионнан астам Түркі жұртын бірігуге үндеді. Өз сөзінде: «Біз бүкіл түркі халқының ата жұртында тұрып жатырмыз. 1861 жылы қазақтың соңғы ханы өлтірілгеннен кейін біз Ресей патшалығының, одан Кеңес Одағының боданы болдық. 150 жылдың ішінде қазақ деген халық өзінің ұлттық салт дәстүрін, тілін, дінін, дәстүрін ұмытуға аз қалды. Жаратқанның қолдауымен 1991 жылы біз өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық. Сіздердің бабаларыңыз атажұрттан бері қарай жылжыған кезде Түркі қағанатының ішінен түрік деген атты өздерімен алып кетті. Қазірге дейін түркінің ішінде жігіттің сұлтаны, ең жақсы жігіт қандай дегенде «қазақ» дейді. Сол қазақ біз» – деді президент Н.Назарбаев.

Қотан-қарағай жалпы туристер барып тұратын туристік аймақ болып саналады. Аталған жоба іске асып жататын болса 200 млн түркінің ішінде ел мәртебесін бір көтеріп қана қоймай, елімізді сыртқа танытуға тағы бір мүмкіндіктің жолы. Ұлттық құндылықтар тұрғысынан еліміздің тек пайдалы ғана болады. Мұнда түркі қазақ жұртының тарихынан кең мәліметтер беретін жәдігерлер қоюға болады.

Сонымен қатар, тарихи қалаларымызда көне жәдігерлерді қайта қалыпына келтіріп, тарихи туризмнің орталыған айналдыруға болады. Отырар, Түркістан, Тараз және басқа да қалаларды. Бұрынғы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан осы қалалар арқылы табыс көзіне айналдыруға болады. Экономикамыздың қуатын артыратын салаға айналар еді. Мұнай   алпауыттардың текетіресінен бағасы түсіп кетті демесек жалпы әлемдегі табыс көзі бойынша бірінші орынды иеленсе, одан кейінгі екінші орынға осы туризм жатады екен. Тарихи қалаларды, қорған, қамалдарды қайта қалпына келтірсек алдағы уақытта «Ұлы Жібек жолы» қайта жаңғырып, «Батыс Еуропа Батыс Қытай» деген атпен іске қосылғалы жатыр. Ресей мен батыс текетіресі аяқталып жатса осы тас жолдың бойында Бес ғасырдан кейін тағы да батыс пен шығыстың арасында көпір болғалы тұр. Әрі бері өтушілер елімізге турис ретінде келері хақ. Осы арқылы табысымызды еселесек ең негізгісі мемлекеттілігіміз мен сан мың жылдық тарихымыз бар екендігін соқырға таяқ ұстатқандай көрсеткен болар едік. Біз осы саланы жолға қойып алсақ идеологиямыз ақшаны талап етуші саладан табыс түсіруші салаға айналып, ертеңгі осы елдін елжанды (патриот) азаматтарын қалыптастырушы құрал болып табылар еді. Қазіргі кезде біз сыртқы әлемге ядролық қарудан бастарту мен бейбіт сүйгіш ел деген танытумен келеміз. Біз аталған жобалар арқылы бұрынғы көне мәдениеттің де өкілі ретінде өзімізді таныта алар едік. Мемлекетімізге деген халықаралық қауымдастықтын алдында ұпай жинауға жақсы болар. Біріншіден көшпенділер ұрпағы болсақ, екіншісі әлем тарих әдістемесіндегі осы күнге дейінгі кеткен қателік «көшпенділер қала салмаған» деген жаңсақ ойды сызып, ежелгі қала, қорған, қамалдарымызды көрсету арқылы бір замандағы әлемнің жүрегі болғандығымызды сырт елдерге нақты заттай айғақпен дәледеген болар едік. Дәледеп қана қоймай сол арқылы табыс табамыз және Қазақ елінің имиджін жаңа қырынан қуаттай түскен болар еді. Әрине, бұл айтылғандарды жасау оңай іске жатпайды. Десекте алдағы уақытта жасап жатсақ. Келешегі мол жоба екендігіне сенімдіміз.

Еліміздің тарихын танытудың бір тәсілін айтып өттік. Бұл еліміз үшін керек. Идеологиялық тұрғыдан өлшеусіз үлес қосып, алдағы уақытта шетелдік немесе отандық азаматтардың кейбіреуі еліміздің тарихына деген күмәндерін басуға барынша рөл ойнайтыны анық.

saiasat

Руслан Ахмағанбетов, Саясаттанушы

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз