Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев салалық агенттікке мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне өтуді ұсынып отыр.
«Біз мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне өтуіміз керек. Мемлекеттік қызметке тек ең адал және ең қабілеттілерді іріктеу керек», – деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол мемлекеттік қызметке өткісі келетін әр үміткердің жеке қасиеттерін, кәсіби және басқарушылық қабілетін бағалауға арналған жаңа тесттер енгізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, президент мемқызметкерлердің жалақысын жеке сектордағы жалақы көлемінің 70% дейін көтеру керектігін айтты.
«Жұмыс нәтижелеріне қарай төленетін жалақысы бар мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби аппаратын қалыптастыру керек. Олардың жалақасы жеке сектордағы жалақының 70% деңгейінде болу керек. Оны тағы көрерміз, десек те осы 70% дейінгі үстемені әр министрлік өз ішінен (өз бюджетінен – ҚазТАГ) табуы керек», – деді Назарбаев.
Бұл ретте президент министрлерге ведомство бюджетін өздері анықтай алатын мүмкіндік берілетінін атап өтті.
«Егер қандай да бір жұмысты үш емес, бір адам жасайтын болса, жасаңыз, жалақысын көтеріңіз. Жетпесін-толықтырамыз. Бюджет шығындарын да көтереміз, ол соған тұрады», – деп санайды президент.
Дереккөз: КазТАГ