Непалда зілзала құрбандарының саны тағы да артты.
Соңғы мәліметтерге қарағанда қаза тапқандардың саны 7,5 мыңға жеткен. Олардың 57-сі шетел азаматтары. Тағы 112 шетелдік із-түзсіз жоғалып кеткендердің қатарында. Бүгін ел билігі әлемнің 34 мемлекетінен барған құтқарушыларға алғыс айтып, елдеріне қайтуды сұрады. «Себебі қасіреттің ең қиыны артта қалды, өзге жұмыстарды өз шама-шарқымызбен аяқтаймыз», – деп түсіндіріпті жергілікті билік. Айта кетейік, 25 сәуір күнідүмпу күші 7 бүтін, оннан 9 балдық жер сілкінісі болып,Непалдағы көне буддистер ғибадатханасы жермен-жексен болған еді. Жергілікті Археология департаментінің басшысы әлемдік мұраны қалпына келтіру үшін миллиардтаған қаражат қажет, – деп налып отыр.
Бхеш Нараян, археология департаментінің бас директоры:
– Ғимараттың 90%-ы қирап, тып-типыл болды. Бұл – бүкіл Непал тұрмақ, будда қауымының мақтанышы ғой. Қалай да қалпына келтіру керек. Алайда ол үшін кемі 5 жыл уақыт керек.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/62871-t-sude