«Абырой мен парыз» ұжымдық монографиясы жарық көрді

0
691
6
Екінші дүниежүзілік соғысқа елімізден 1 млн 800 мыңнан астам жауынгер қатысқан.
Осындай тың деректермен қамтылған «Абырой мен парыз» кітабын бір топ ғалымдар бүгін оқырман назарына ұсынды. Ұжымдық еңбекті жинақтау барысында авторлар кеңестік және неміс қолбасыларының мемуарлық әдебиеттері мен саяси қайраткерлердің ғылыми еңбектерін пайдаланған. Ресей, Беларусь, Украина және Өзбекстан мұрағаттарынан алынған тың деректер де монографияны құнды ете түсті. Кітапта тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен жер аударылған халықтардың тағдыры да көрініс тапқан. Алдағы уақытта электрондық нұсқасы ғаламторда пайда болмақ. Сонымен қатар ұжымдық монографияны ағылшын тіліне аудару жоспары бар. Жаңа кітапты парақтап үлгермеген оқырман майдан жылдарынан сыр шертетін құнды деректерді www.history-state.kz сайтындағы «Абырой мен парыз» айдарынан оқи алады.
Ғани Қарасаев,ұжымдық монографияның қосалқы авторы:
– 1 млн 800 мыңнан астам адам қатысқан екен, бірақ оның жартысы осы соғыс майданынан қайтпаған. Кітаптың екінші жаңалығы – әсіресе, осы ҰОС-на Қазақстаннан барған әскери бөлімдердің ерліктері, жауынгерлердің ерліктері.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/62916-k-rdi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз