Қазақ қыздарының төбелесі жұртшылықты шошындырды

0
544

Әлеуметтік желіде бір топ қыздың бойжеткенді аясыз жұдырықтың астына алып жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды AlmatyNews тілшісі.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер бар екенін ескертеміз

Ашуға булыққан қыздар бойжеткенді кезектесіп тепкілеп, шашынан жұлған және тіл тигізген. Ал тепкінің астында қалған қыз жауап  қата алмаған.

Төбелеске сол жердегі қыздардың бірінің жігіті себеп болған сыңайлы. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздар бойжеткенді пәктігінен кім айырғандығын анықтауға тырысқан.

Сол жердегі қыздардың бірі бұл оқиғаны ұялы телефонға түсіріп, ғаламторға жариялаған. Аталған бейне қоғам ішінде үлкен талқыға салынды.

Әлеуметтік желіні қолданушылар бейненің астында жазған пікірлерінде билік өкілдерінің бұл жеткіншектерді жазалауды сұраған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз