Жергілікті қауымдастыққа бағынышты жергілікті полция қызметін құру қажет, деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет сағатында. Бұл туралы Ақорданың twitter-дегі жеке парақшасында хабарланды.
Сонымен қатар, елбасы үкімет жанынан, әкімдер полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданатын қоғамдық кеңес құру керектігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ азаматтарға есепті жергілікті полиция қызметін құруды тапсырды.
“Полиция қызметі. Жергілікті қауымдастыққа есепті жергілікті полция қызметін құру қажет. Ол қоғамдық тәртіпті қорғауға, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұруға жауапты жол-патруль қызметі. Біз бұл туралы көп айтқан болатынбыз”, – деді Назарбаев Ақордадаа өткен кеңейтілген үкімет сағатында.
Дереккөз: Nur.kz