Георгий таспасын кімдер тағады?

0
463

kasym amanzhol

Георгий таспасын кім тағады? Өз басым оларды шартты түрде үшке бөлер едім. Бірінші топ – білмейтіндер. Бұл төңіректегі даудан хабарсыз әншейін қауым. Орысы бар, қазағы бар, басқасы бар, жай жұрт. Таспадан түк саяси астар іздемейтін ең шоғыры мол қауым. Сатып алды, тегін алды, мекемесі міндеттеді – таға салды. Екінші топ – ерегіскендер. Бұлар да аса саясиланғандар емес, ардагерлерге, соғыс құрбандарына құрмет білдірген түрі. «Тыйым салыпты» деген сөзге қарсыласқан реакция. Бұлар негізінен, өз құқын қорғауға ұмтылып тұратын орыстілді жұрт. Саны біршама. Үшінші топ, әдейі тағатындар. Саяси, сепаратистік мүддесі барлар. Бұлар өте сирек деп ойлаймын. Және оларға ерушілер де тым аз сияқты. Сондықтан, георгий таспасын тағушылармен украин-грузиндердей радикалды күресу керек емес деп есептеймін. Қарсылық – қарсылықты тудырады. Ерегіскендерді «идейныйларға» айналдырудың еш қажеті жоқ тәрізді. Енді бірнеше жылда ондайлар өздері-ақ мандырап кететініне сенем…
P.S. Ал көк таспаға келсек (осыдан екі жыл бұрын көк таспаны «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арнап шығаруды бастаған жандардың бірі болсам да), дәл Жеңіс күніне көк таспаның тарихи қатысы жоқ. Мемлекет өз идеологиясын жүргізу үшін осындай символиканы балама ретінде ойлап тауып, таратқаны жөн де шығар… Алайда, әзірге ондай «қошқар мүйіз» ленточкаға шабытым оянбай тұрғаны. Кешіріңіздерші…

Қасым Аманжолұлы, Facebook парақшасынан

http://qamshy.kz/?p=23469

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз