Екібастұзда Қазпошта бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалып, 55 млн теңге қолды болды

0
439

 

 Екібастұздағы Қазпошта филиалында ірі көлемде ұрлық жасалған, деп хабарлады ақпаратқа қанық дерек көз.

1347365796_he0g5788

«Екібастұздағы Қазпошта филиалына қарулы шабуыл жасалды. Расталмаған ақпар бойынша олар шамамен 55 млн теңге ұрлаған», – деді сәрсенбіде агенттіктің сұхбаттасы.

Басқа дерек көзінің ақпарынша, шабуыл кезінде күзетші қаза тапқан.

ІІД-нен ресми ақпар алу мүмкін болмады.

Бұл ретте «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Әзизов ұрлық фактісін растады.

«Иә, ұрлық 6 мамыр күні түнде жасалды. Оқиға орнына қауіпсіздік қызметі келді. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді», – деді Б.Әзизов агенттікке.

Бұл ретте ол «Қазпоштадан» ұрланған соманың қанша екенін нақтыламады, дегенмен төтенше оқиғаның  клиенттерге әсер етпейтінін айтты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз