Жамбыл облысында полиция майоры өзіне қол жұмсады

0
428

Жамбыл облысы Қордай АІІБ полициясының учаскелік инспекторы Владислав Крыжконың өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

petlya 1

«Полиция майоры Владислав Крыжконың өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда қылмыстық іс облыстың ІІД тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды. Оқиғаның себептерін  анықтау үшін Қордай ауданына облыстық ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілген» – деді Мұхтарқұлова сәрсенбіде агенттікке.

Бұл ретте, оның айтуынша, толық ақпар тергеу аяқталғаннан кейін ғана беріледі.

Сонымен қатар, жақында марқұмның әйелі Елена Крыжко YouTube бейнехостингінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдасының қазасына байланысты тергеу жұмыстарына ықпал етуін сұраған.

«Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан осындай заңсыздық орын алып отырған Баймұхамбетов (АІІБ бастығы Бахыт Баймұхамбетов –ҚазТАГ) және оның орынбасары Жайлаубаев (бастықтың орынбасары Мұхтар Жайлаубаев – ҚазтАГ) басқарып отырған Қордай АІІБ-не әділ тексеру жүргізу мен кінәлілердің жазасын беруге ықпал етуіңізді сұраймын», – делінген Крыжконың бейне өтінішінде.

Марқұмның жолдасы хабарлағандай, инспектор 2015 жылдың 28 сәуірінде ағашқа асылып тұрған жерінде табылған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз