Непалдағы қайғылы апаттың жантүршігерлік көріністерін фотоға түсіріп, көпшілік назарына ұсынған Дмитрий Шатровтың репортажын bigpicture.ru сайты жариялады.
Репортер Непалда өткізген 8 жылдың ішінде елдің мәдениеті мен халқына үлкен сүйспеншілігі оянғанын айтуда. Ол апаттың “қанға бұққан талай қорқынышты көріністерінің куәсі болса да, халқына деген сыйластық сезіммен адамдардың мәйіттерін көп көрсетпеуге” тырысқан.
“2015 жылдың 25 сәуірінде тал түсте Непалда 8 балдық күшпен екі ғаламат жер дүмпуі орын алды. Қала ғимараттары сол сәтте-ақ қирап қалды. Үш күнге созылған кішігірім дүмпулерден кейін Непалдың тарихи бөлігі жермен-жексен болды. Тарихи жәдігерлер саналатын сарайлар мен құрылыстар бір сәтте қирандыларға айналды. Катманду, Патан, Бхактапур де Непалдың кебін киді”, – дейді куәгер Дмитрий Шатров.
“Адам өлімі көп болғаны соншалық, Пашупатидегі крематорийлер олардың денесін өртеп үлгермей жатыр… Дурбарда адамдардың мейіріміне үйреніп қалған мыңдаған көгершіндер халықтың қолдауын іздеп, алаңға жиналып алған”, – дейді Шатров.
Алғашқы дүмпудің күшінен көліктер осылайша қатты соқтығысқан
Дереккөз: Nur.kz