7 мамырдағы әскери шеруді «24 KZ» телеарнасы тікелей эфирде 10:45-те көрсетпек

0
568
5
7 мамырда Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру болады.
Осыған орай, еліміздің түрлі өңірлерінен Астанаға ҰОС ардагерлерінің бірінші делегациясы келе бастады. Жалпы Астанаға Қазақстанның 14 облысы мен Алматы қаласынан 244 ардагер келеді деп жоспарланды. Қонақтар Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа және басқа да жоспарланған мерекелік іс-шараларға арнайы шақырылды. Ол іс-шаралар – салтанатты түрде қарсы алу, «Қазақстан» ОКЗ мен «Астана опера» МОБТ мерекелік концерттер, Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қою, қалаға саяхат (ҚР Ұлттық музейі, «Бәйтерек» монументі, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, «Хазірет Сұлтан» мешіті және т.б.). Қазақстан елордасындағы салтанатты іс-шаралар аяқталысымен Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, сондай-ақ Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 6 ардагер Жеңістің мерейтойына арналған парадқа қатысу үшін Мәскеу қаласына жөнелтіледі. Шараға Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Төтенше жағдайлар комитеті, ҰҚК Шекара қызметінің және республикалық ұланның шерулік топтары қатыспақ. Барлығы 250 техника, 56 ұшу аппараты мен 2000-нан аса қызметшінің қатысуымен өтетін әскери шеруді «24 KZ» телеарнасы тікелей эфирде сағат 10:45-те көрсетеді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/63045-k-rsetpek

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз