Германиядағы жойқын торнадо салдарынан 1 адам қаза тапты

0
388

 

Германияның солтүстігінде жойқын торнадо 1 адамның өмірін жалмап кетті деп хабарлайды 24.kz.

455

Марқұм Гамбург қаласының тұрғыны. Тағы ондаған адам жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, дүлей құйын үйлердің шатырын жұлып, ағаштарды түбірімен қопарып, бірнеше көлікті төңкеріп тастаған.

Бәрінен де Бютцов қаласы қатты зардап шегіпті. Мамандардың хабарлауынша, мұнда желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жеткен.

Қолайсыз ауа райы автобустар мен пойыздардың жүрісіне де кедергі жасап, халықаралық теміржол қатынасы үзілген. Синоптиктердің хабарлауынша, жақын арада Германияға тағы бірнеше дүлей дауыл келуі мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз