7 мамыр – Отан қорғаушы күні

0
1810
4
Бүгін – 7 мамыр. Тұтас әлемде тұлғасы биіктеп, тұғыры беки түскен Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні!
Бұдан 23 жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. Осы аралықта қазақ әскері қуатты қарулы күшке айналды, бет-бейнесі өзгерді. Тарих көрсеткендей, Кеңес Одағы тараған тұста қазақ елінің жеке әскері болмады. Қазір тәуелсіз елімізбен бірге өсіп, дамып жатқан қазақ әскері күш жинап, техниканы да жаңартып келеді. Осы техникалардың мүмкіндігі мен қырағы ұландарымыздың қарым-қабілетін паш ететін әскери шеру бүгін Елордамыз Астанада өтеді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай отандық авиаторлар әуеде 70 санын түзіп ұшпақ.
Көктегі керемет көріністі Астана тұрғындары мен қонақтары бүгін Елордадағы бас алаңда өтетін әскери шеру кезінде тамашалай алады.
Отан қорғаушылар мерекесінде ұзынсаны 70 заманауи авиациялық техника көкке көтеріледі. Олардың сапында майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Ан-26 ұшақтары мен Ми-8, К-32 сынды тікұшақтар бар. Бұдан бөлек, еліміздің Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет жаңа жоғарғы маневрлі Су-30 СМ жойғыш ұшағы әскери шеруге қатыстырылмақ. Қорғаныс министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, алдағы парад біздің болашағымыз үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен батыр бабаларымызға зор құрмет болмақ. Сонымен қатар еліміздің берік қорғаны – Қазақстан әскерінің әлеуеті мен жауынгерлік күш-қуатын көрсетеді. Ауқымды шараға 5 мыңнан астам әскери қызметкер, 220 заманауи қару-жарақ пен арнаулы техника тартылады. Айбарлы еліміздің айбынды армиясы әскери әлеуетін танытатын ауқымы кең шеруді біздің арнамыздан сағат 10:45-те тікелей эфирде көре аласыздар. Тағылымы мол тарихи көріністен көз жазып қалмаңыздар.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/63147-p-shpa

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз