Росғарыш агенттігінің хабарлауынша, «Прогресс М-27М» жүк кемесі 8 мамырда орбитадан толықтай шығады.
Ол ауа қабатында жанып кетіп, қалдықтары Жерге құлауы мүмкін. Қалдықтардың нақты қай уақытта және қай жерге құлайтындығы туралы ресейлік агенттік қосымша хабарлайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, «Прогресс М-27М» жүк кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан 28 сәуірде ұшырылған еді.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63193-progress-m-27m-zh-k-kemesini