ШҚО-да ардагерлерге пәтер кілттері табыс етілді

0
506
3
Мереке қарсаңында шығысқазақстандық ардагерлерге пәтер кілттері табысталды.
Қазір майдангерлерге арналған үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, биыл өңірде тұрғын үй құрылысына 10 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 17 көпқабатты баспана салынуда. Оның 13-і облыс орталығы Өскеменде тұрғызылады. Шаһарда бүгінде 195 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Олардың дені – баспаналы. «Десе де ардагерлердің көбі жер үйде тұрғандықтан, қартайған шақтарында оларға тиісті жағдай жасалуы керек дейді» жергілікті билік. Ал қариялар мереке қарсаңындағы тосынсыйға ерекше қуанышты.
Людмила Харина, тыл ардагері:
– Біз пәтер кілтін алғанымызға қуаныштымыз. Жер үйде тұрған бізге ауырлау. Суы бар, отыны бар. Ал, міне, мұнда барлық жағдай жасалған. Алғысымыз шексіз.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/ardagerlerdi-arda-tajy/item/63207-s-etildi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз