1957 жылы жаяу жүргіншіні абайсызда басып кеткен оған Огайо штатында шартты түрде жаза кесіледі.
Бірақ Фрэшуотер 1959 жылы жазаны өтеудің шарттарын бұзуына байланысты 20 жылға темір торға тоғытылады. Тап сол жылы Фрэшуотер түрмеден қашып шығып, ізін суытады. Тек 1975 жылы қылмыскер қайтып ұсталғанымен, Огайо штатының губернаторы оны түрмеге қайта қамаудан бас тартып, Фрэшуотер қудалаудан екінші рет қашып кетеді.
Таяуда 56 жылдан кейін 79 жастағы Фрэшуотер Флорида штатында қолға түсіпті. Ол осынша уақыт бойы жалған құжатпен өмір сүріп, жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Ал зейнетке шыққаннан кейін АҚШ-тың Мельбурн қаласындағы жылжымалы вагонға қоныстанып, әлеуметтік төлемдермен күн көріпті.
Қу қылмыскерді қолға түсіру үшін полицейлер оны құжаттарға қол қойғызып, саусақ ізін базадағы ізбен салыстырыпты. Оның жас кезіндегі суретімен қазіргі бейнесінің арасы жер мен көктей болғандықтан, саусақ іздерінің дәл сәйкес келуінен тұтылған қарт өзінің Фрэнк Фрэшуотер амалсыздан мойындаған екен.
Дайындаған: Г.Абилова