Майли Сайрус 4 млн долларға ранчо сатып алды

0
508
Жас әнші және актриса Малибудің солтүстігіне таяу жерден жылқы ұстауға арналған ранчо сатып алды.
Бұған оның Лос-Анджелестегі зәулім үйінің тоналуы себеп болуы мүмкін. Сол бір келеңсіз жәйттен кейін Майли тұратын тыныш әрі қауіпсіз жерді іздей бастаған екен, деп жазады prian.ru.
4.1
Бірақ оның алған жылжымайтын мүлігі сол Лос-Анджелестен сондай алыс емес. Жалпы ауданы 2,2 гектар жерге орналасқан. Сондай-ақ ранчо аумағында зәулім етіп салынған үй де бар. 600 шаршы метрлік үйде 7 жатын бөлме, 6 жуынатын бөлме, үлкен қонақ бөлме бар.
4.2
4.3
Сондай-ақ ранчода жүзім егілген. Ал ауданы 4 мың шаршы метрлік барлық керек-жарақпен қамтылған ипподром туралы әңгіме бір бөлек.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63301-majli-sajrus-4-mln-dollar-a-rancho

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз