9 мамыр күні қазақстандықтарға қалалық нөмірге қоңырау шалу тегін болады.
Бұдан өзге 8, 10, 11 мамырда түн жарымынан түнгі 3-ке дейін Қазақстан бойынша қоңырауларға 15 пайыз жеңілдік жасалады. Ал түнгі 3-тен таңғы алтыға дейін – 60 пайыз жеңілдік берілмек.
Тәуліктің қалған уақыттарында 10-11 мамырда қалааралық байланыстар 4 есеге арзан болады деп “Қазақтелеком” АҚ-на сілтеме жасап YK-news басылымы хабарлады.
Қазақтелекомның мәлімдеуінше, жеңілдік тек жеке тұлғаларға және автоматты қалааралық телефон байланысына беріледі (телефонист арқылы тапсырыс есепке алынбайды).
Ал телефоны жоқ туысқандарға телеграмма жіберем деушілерге мейрам алдында және мейрам күні жарты бағаға дейін жеңілдік жасалады. Бұл жеңілдік ТМД елдеріне бағытталатын үкіметтік, жай және жедел телеграммаларға берілетін болады.
Дереккөз: Nur.kz