Қазақстан аумағына батыстан келген циклон салдарынан республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауады деп хабарлайды Қазгидромет.
“9 мамырда циклон әсері сақталады, ал онымен бірге найзағайлы және екпінді желі бар өткінші жаңбыр жауады. Температура төмендейді”, – делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжауынша, кейінгі екі күнде демалыс күндері батыс, солтүстік және шығыс облыстарда фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады, күн суытады және 11 мамыр күні түнде солтүстік облыстарда температура кей жерлерде 0-3º аязға дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстігінде және орталығында 11 мамыр жауын-шашын болмайды, күндіз ауа-райы оңтүстік облыстарда қайта 25-33º дейін жылынады.
Дереккөз: ИА «Новости-Казахстан»