Бұл – алдағы жылдарға жасалынған болжам. Автоматтандырылған машиналар біртіндеп енгізілмек.
Алайда қоғам бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр. Себебі еңбекке жарамды халықтың 59%-ы жұмыссыз қалуы мүмкін. Ол қамыр илеп, тіпті суши жасай алады. Тамақтың түр-түрін еш қиындықсыз әзірлеп, дастарханға дейін жайып береді. Аспазшы-құлтемірдің пысықтығы ең тәжірибелі үй шаруасындағы әйелден кем түспейді. Тағам даярлауды тек бір рет көріп алса болғаны.
Тим Андерсен, бас аспазшы:
– Басында картоптан жасалатын көжені өзім пісірдім. Сол кезде тетіктер мен 3D камерасы менің барлық қимылдымды жазып алды. Кейіннен құлтемір менің қозғалысымды аудыртпай қайталап берді. Өте керемет. Оған әлемнің барлық рецепттерін жазуға болады. Болашақта аспазшылардың тамақ талғағыштарды алыста жүріп-ақ тамақтандыруы әбден мүмкін.
Роботтар әлден аспазшы, такси жүргізушілері, жүк тасушылар мен ұшқыштардың жұмысын атқара алады. Алайда ғылыми-техникалық өрлеуге немістер аса разы емес. Алдағы уақытта автоматтандырылған машиналардың салдарынан 18 млн жұмысшы қызметінен айырылуы мүмкін. Сарапшылардың зерттеу жұмыстарына қарағанда, 2 млн-ға жуық кеңсе қызметкерлері қысқаруы ықтимал. Сондай-ақ 1,5 млн-ға жуық хат тасушы мен 1 млн-нан астам сатушы жұмыссыз қалмақ.
Уте, Берлин қаласының тұрғыны:
– Мен кондитерлік компанияда жұмыс істеймін. Торттар мен бәліштерді жақсы көремін. Бұл менің сүйікті ісім. Егер қысқарып қалсам, жаныма бататыны сөзсіз.
Шындығында робот барлық саланы бірдей меңгере алмайды. Олар дәрігер, химия немесе физика мамандарының орнын баса алмайды. Ал жұмыс берушілер, әрине, жаңа технологияны қолдайды. Себебі жұмыс уақыты 8 сағатпен ғана шектеліп қоймайды. Ереуілдерге де шықпайды. Әзірге ірі деген кәсіпорындардың өзі автоматтандандырылған өндіріске көше алмайды. Алайда бұл – уақыттың еншісіндегі мәселе.
Авторлары: Жанар Байқоңырқызы, Шолпан Найманбаева, Милослав ЛавриновскийИсточник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63530-uy-m-mkin