АҚШ-та 8 мамыр Еуропадағы Жеңіс күні мерекесі ретінде белгілі.
Вашингтонда 70 жылдық мерейтойға орай ұйымдастырылған әуе қойылымында ескі әскери ұшақтың бірі апатты жағдайда қонды.
Бұл туралы UPI агенттігі хабарлады. Ел астанасындағы Вашингтон монументі мен Линкольн мемориалы орналасқан Ұлттық аллея аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған әскери ұшақтар 15 минуттық қойылым көрсетті. Олардың арасында P-38, P-51, B-29 сияқты әйгілі әуе ұрыс техникаларының түрлері бар. Әуе композициясын соғыс ардагерлері мен қала тұрғындары және жиһанкездерден құралған жүздеген халық тамашалады. Алайда қойылымға қатысқан 56 ұшақтың бірі Curtiss Helldiver тиісті міндетін орындап болған соң ақауға тап болып, Рональд Рейган атындағы Вашингтон Ұлттық әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Одан ұшқыш ешқандай да зардап шеккен жоқ.
Авторы: Жігер Сәрсен
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63566-ondy
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63566-ondy