БАӘ өзінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Марсты бағындырмақ

0
561
8
Біріккен Араб Әмірліктері ғарыш зондын ұшыру туралы жоспарына қатысты мәліметті жариялады.
Араб әлеміндегі алғашқы құрылғы Марсқа 6 жылдан кейін жіберілмек. Жобаны жүзеге асыру үшін 70-ке жуық маман тер төгеді. Олардың айтуынша, зонд 600 млн шақырымға сағатына 126 мың шақырым жылдамдықпен ұшып, Марсқа Біріккен Араб Әмірліктерінің 50 жылдығына орай, яғни 2021 жылы жетпек. Жолға 200 күндей уақыт қажет. Бұл құрылғы Жерге қызыл ғаламшардан жиналған 1 мың гигабайт мәліметті жіберу үшін жабдықталады. Мақсат – Марстағы атмосфера мен ауа райын зерттеу.
Шейх Мохаммед Бин Рашид Аль Мактум, БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі:
– Бұл жоба араб әлемі үшін өте маңызды. Бұл – еліміздің жан-жақты дамуының нышаны.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63476-ndyrma

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз