Мемлекет басшысының Ресейге ресми сапары

0
440
9
Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін кеше Мәскеуге барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.
Тараптар екіжақты өзара ықпалдастықтың соның ішінде сауда-экономика, отын-энергетика, ғарыш салалары мен мәдени-гуманитарлық саладағы кең ауқымды мәселелерді сөз етті. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін шетелге алғашқы ресми сапармен шығып отырғанын айтты. «Біз 15 жылдан астам уақыт бойы бірге жұмыс істеп келеміз. Осы жылдары Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы нығайды. Біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Дағдарыс жағдайында елдеріміздің арасындағы тауар айналымы төмендегеніне қарамастан Еуразиялық экономикалық Одақтың болашағы зор деп есептеймін», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сондай-ақ, Владимир Путинді Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Ресей басшысы өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үмітін білдірді.
Владимир Путин Ресей Федерациясының Президенті:
– Бүгінде біздердің жасап жатқанымыздың, экономикалық одағымызды тереңдете түсу бағытындағы қосымша қадамдардың дені Сіздің еңбегіңіз. Сіздің Кеден Одағын, ал сосын ЕАЭО-ны құру туралы бастама көтеріп, сөйлеген кезіңіз менің өте жақсы есімде. Ең бастысы – Қазақстанның өз дамуымен де, интеграциялық үдерістердің өрістеуімен де байланыстының барлығы жүзеге асуда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз