Назарбаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысты

0
539

Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл – Жеңіс парады Ресей тарихындағы ең ірі шара.

1063532114

Әскери парадқа 16 мыңға жуық адам мен 200 әскери техника қатысты.

Парадты Ресей федерациясы  Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы Олег Салюков басқарды.

1063519336

Сондай-ақ, Жеңіс шеруіне ТМД елдері мен достастық мемлекеттерінен – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Моңғолия, Сербия, Қытайдан – 10 парадтық есеп қатысты.

Парадты Ресей президенті, Қарулы күштердің жоғары бас қолбасшысы Владимир Путин қабылдады.

Мерекелік жиынға Мәскеуге Жеңіс күніне орай келген әлемнің 30-ға жуық елінің көшбасшылары қатысты.

1063523953

Парадты трибунадан соғыс ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, көптеген шетелдік қонақтар тамашалады.

1063518502

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін, екі күндік ресми сапармен Мәскеуге барды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз