Ақтөбелік еріктілер ерекше акция ұйымдастырды

0
614
4
Ақтөбелік еріктілер соғыс және тыл ардагерлерінің үйлерінде болып, сый-құрмет көрсетуде. Сырнайлатып ән салып, қариялардың көңіл-күйін көтерді.
Ерікті топтың арасында балалар да бар. Олар соғыс жылдары шырқалған әндерді ардагерлермен бірге орындауда. Тыл ардагері Екатерина Божко соғыс басталғанданебәрі 12 жаста еді. Ел басына күн туғанда еңбекке ерте араласуға тура келген. Әкесі майданда, анасы екеуі колхоздың қара жұмысында жүрді. «Жеңісті жақындатуға өз үлесімізді қостық», – дейді қария. Мерекеде өзіне жасалған тосынсыйға балаша қуанды. Еріктілермен қосылып ән шырқап, биде биледі. Құттықтаушы топ тағы бірнеше ардагердің шаңырағында болды. Акция әлі бірнеше күнге жалғасады. Жалпы бұл облыс орталығында 130 соғыс ардагері тұрады.
Екатерина Божко, тыл ардагері:
-« Дан приказ ему на запад», «Каким ты был», «Катюша» әндерін жиі айтатынбыз. Қазір өкінішке орай, бұл әндер ұмытыла бастағандай. Менің тілегім енді соғыс болмасын, бейбіт заманда тыныш өмір сүрейік!
Аймырза Жаманқұлов, еріктілер тобының мүшесі:
– 9 мамыр қарсаңында біз ардагерлерді құттықтайық деп едік. Соған баяныңызды алып, бізге қосылсаңыз деген өтініш жасады. Әрине, мен қуана-қуана қабылдап, сол еріктілердің қатарына қосылдым.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/63657-jymdastyrdy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз