Жеңістің 70 жылдығында Петропавл қаласының 21 көшесіне Кеңес Одағы батырларының аты берілді.
Есімі еленгендердің барлығы дерлік – осы өңірдің тумалары. Бұл күні облыс орталығында олардың құрметіне мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Қан майданда қасық қаны қалғанша жан алысып, жан беріскен жауынгерлер ұлықталып, ықыласқа бөленді.
Сара Тасеменова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы:
– Біздің жастар аталарының Жеңіске жеткенін, бізге осындай бақытты өмірін сыйлағандықтарын білулері керек. Үлгі алып, сол кісілерге ұқсаймыз деп алға талпынулары керек.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/63692-y-batyrlaryny-esimi-berildi