Құны мыңдаған доллар тұратын әлемге әйгілі роман табылды

0
407

Колумбия полициясы Габриэль Гарсия Маркестің “Жүз жылдық жалғыздық” романының алғашқы басылымы Боготада ұрланып, бір аптадан кейін табылғанын мәлімдеді, деп жазады ВВС.

Photo: Құны мыңдаған доллар тұратын әлемге әйгілі роман табылды

Кітап оны 1967 жылы сатып алып, кейіннен Маркестің қолтаңбасын қойғызып алған коллекционер Альваро Кастильоға тиесілі болатын.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, кітап Боготадағы кітап базарларының бірінен табылған. Оны сирек кездесетін заттарды сатумен айналысатын жергілікті саудагерлер қолды етті деген болжам бар.

Маркестің белгілі романының бірінші басылымының құны бірнеше ондаған мың долларға бағаланады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз