Алматыда Жеңіс күнін тойлап жатқанда полиция ардагерді итеріп жіберген

0
444

Алматыда 9 мамыр күні 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында жаға ұстатарлықтай жағдай болды. Құзырлы органдардың қызметкері Мәңгілік алауға жұбайымен бірге гүл қоймақшы болған ардагерді итеріп жіберген.

Photo: Алматыда Жеңіс күнін тойлап жатқанда полиция ардагерді итеріп жіберген

Полицейдің ерсі қылығы жайлы Алматы тұрғыны Марина Гяурова өзінің Facebook парақшасында жазған.

“Бүгін тіпті аспан да жылап тұр. Бұл пост бүгін соғыс құрбандарын еске алуға барғандарға және әліде бізбен бірге өмір сүріп жатқандарға арналады. Білесіздер ме, мен қайта-қайта мерекенің жиіркенішті ұйымдастырылуымен қақтығыса беремін. Неге шенділерге біржола естеріңде сақтап алмасқа, бұл мереке олардың емес, ардагерлер мен халықтыкі екенін? Барлығы жасанды, тек біреуге жағымды көріну үшін өткізіліп жатқандай”, – деп жазды Гяурова.

Әйелдің айтуынша, беті қан ардагерді көргенде ол тіпті есеңгіреп қалған. Ол бірден барып ардагерге көмек көрсеткен. Ардагер 70 жыл ішінде осы саябаққа келіп жүріп, мұндай жағдаймен соқтығыспағанын айтқан.

Олар өтпекші болған уақытта ардагерді полиция итеріп жіберген. Ұлы Отан соғысының ардагері құлап, көзілдіргі сынып, қабағын тіліп кеткен

“Ол мерекеге әйелімен бірге келген. Барлығы қоршалған. Егде жұптарды гүл қоюға жібермеген, десе де оларды өткізіп, керек ілтипатты көрсетуге болар еді. Жоқ! Олар өтпекші болған уақытта ардагерді полиция итеріп жіберген. Ұлы Отан соғысының ардагері құлап, көзілдіргі сынып, қабағын тіліп кеткен”, – деп мәлімдеді жаға ұстатарлық жағдайды Гяурова.

Сондай-ақ ол атап өткендей, ардагер және оның әйелімен өткізген уақытта, қасына не полиция қызметкері, не әкімішілік қызметкері келіп кешірім сұрамаған. Ешкімде қызмет көрсетпеген.

“Бұның барлығын қалай атауға болады? Мереке кімдер үшін ұйымдастырылады? Ішім қайғыдан қан жұтып тұр. Халқымыздың жүзінде күлкі ойнап, бейбіт күнде өмір сүру үшін, олар Отан үшін опат болып, соғысқан жоқ па?”, – дейді автор.

Әйелдің жазуынша, кейін белгілі болғандай гүл қоюға қолдары жетпеген тек зардап шеккен жұбайы мен ардагер ғана емес, басқа да ардагерлер болған.

“Олардың әрқайсысын автокөлікте әкеліп, шатыр астына отырғызуға болар еді. Алайда шатыр астында да орын жетпеген. Ардагерлердің нақты санын есептеуге болмады ма? Айтар сөзім жоқ. Сендерге мереке үшін, және жүрегімде қалған сыз үшін рақмет. Үмітім менің айтқандарымды біреулер тыңдар және келер жылы бұндай жан түршіктірер ұйымдастыру қайталанбайтын шығар. Десе де мына әлем үшін соғысқандар жыл санап азайып барады”, – деп аяқтаған сөзін Гяурова.

Автордың бұл жазбасы ғаламтор қолдаунышалырының арасында үлкен дүрбелең туғызды. Олар болған оқиғаны өте ұят, масқара екенін айтуда. Тіпті пікір жазушылардың бірі осы іске қатысты қалалық әкімшіліктің түсініктеме беруін талап етуде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз