Әлемнің ең қымбат 5 пәтері (фото)

0
489

Әлемнің ең қымбат 5 пәтері туралы мәліметтерді trendymen.ru сайты назарларыңызға ұсынады.

квартира1111

1. One57 Penthouse

квартира2222
Қала: Нью-Йорк
Бағасы: 100,5 миллион доллар
Көк тіреген One57 ғимараты Манхэттендегі ең сәнді құрылыстардың біріне жатады. Сол себепті, оның пәтерлері Нью-Йорктегі ең қымбат пәтерлер қатарында. Аталмыш жерден пәтерді белгісіз біреу 2014 жылы сатып алыпты.

квартира3

Сатып алушыға 2 қабаттан құралатын ауданы 1000 шаршы метрден астам пәтер берілді. Ішінде 6 жатын бөлмесінен өзге 17 метрлік қонақ үй бөлмесі, әйнекпен қоршалған бақша, бассейн бар.

2. CitySpire Penthouse

квартира4

Қала: Нью-Йорк
Бағасы: 100 миллион доллар

квартира5

Бұл пентхаус 85 қабатты ғимараттың 3 қабатын бірақ алған. Оның қожайынында 6 жатын бөлмесіне көтеретін жеке лифт, 9 жуынатын бөлме, 20 орындық асхана, коференц-зал, медиаорталық, тіпті галереясы болады. Ауданы 475 шаршы метр.

квартира6
Бұл бөлмелердің барлығы 73,74 қабаттарға кіреді. Соңғы қабат – пәтер қожайынының жеке кеңістігі. Бұдан өзге қосымша қызметкерлерге арналған бөлмелер мен 1000 шарап құтысы сиятын шарап қоймасына тағы бір қабат бөлінген.

3. Pierre Hotel Penthouse

квартира8
Қала: Нью-Йорк
Құны: 125 миллион доллар

квартира9
Бұл пентхаустың иесіне 38 қабаттан 39-шы қабатына жеткізіп салатын жеке лифт беріледі. CitySpire пентхаусы сияқты Pierre Hotel-де де 3 қабат. Қонақүй 1930 жылдың стилін заманауи дизайнмен ұтымды біріктірген.

Бұл пәтерде 16 жатын бөлмесі, 4 асүй, 4 алауошақ бар. Сонымен қатар швед моншасы мен Орталық саябаққа әдемі көрініс пәтер иесінің демалуына септік болады.

4. One Hyde Park Penthouse

квартира12

Қала: Лондон
Құны: 200 миллион доллар

Пентхаустар саны бойынша Нью-Йорк сөзсіз алдыңғы қатарда.  Десекте ең қымбат келесі пәтер Лондонда жайғасқан. One Hyde Park резиденциясына 4 бірдей көк тіреген ғимарат кіреді. Барлығы да бірдей өлшеммен жасалған: 5 жатын бөлмесі, 2 жұмыс бөлмесі, спортзалы және күндіз-түні жұмыс істейтін қызметкерлері бар 1600 шаршы метр пәтерлер.

квартира10

Жеке Heston Blumental рестораны мен шарап дәмін көретін бөлме әр пәтерге міндетті түрде кіреді.  Пәтер қожайындарының қауіпсіздігін британдық арнайы әуе сарбаздары қаматамасыз етеді.  Сонымен қатар пәтердің әйнектерінен оқ өтпейді.

5. Sky Penthouse

квартира13

Қала: Монако
Бағасы: 387 миллион доллар

Егер сіз бұл пентхаустың қожайыны болсаңыз, сізді ойланбастан ханзада әулетіне немесе трансұлттық бизнес өкіліне жатқызады. Бұл қымбат пәтердің терезесінен Ларвотто жағажайына, Лигурий теңізіне және Монаконың өзіне ғажайып көрініс ашылады. Пентхауста 6 жатын бөлмесі бар. Ол жерден Жерорта теңізінің көрінісін тамашай аласыз.

Пәтердің тұнық бассейніне сырғып түсудің өзі бір төбе. Сіздің қожалығыңызда мәрмәрдән, қоладан және ағаштан салынған 3000 шаршы метр үй болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз