Ақтау тұрғындары Каспий жағалауында Жеңіс вальсін биледі

0
454
4
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған шараны аймақтағы этномәдени бірлестік өкілдері ұйымдастырған.
Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі теңіз жағалауын әсем әуенге бөледі. Бірнеше сағат бойы соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.
Орынгүл Нұрмұханова, қала тұрғыны:
– Мен теңіз жағалауында серуендеп жүр едім. Ақтау қаласының тұрғындарының өте әдемі вальс билеп жатқанын көріп, солармен қосылып өзімнің де билегім келіп кетті. Содан соң қосылып биледім. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын! Ұлы Жеңіс құтты болсын! Осы Жеңісті әкелген біздің ата-бабаларымызға мың да бір рақмет!

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/63714-biledi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз