“Формула-1″ жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің әйелі Коринна Шумахер шабандоздың жеке ұшағын 34 миллион долларға сатып жіберді.
Бұл туралы Eurosport-ке сілтеме жасап 24.kz мәлімдеді. Коринна бұл әрекетке жұбайының енді ешқашан ұшақты тізгіндей алмайтыны итермелегенін айтты.
Сондай-ақ ол Мерибельдегі үйлерін сатуды жоспарлап отырғанын алға тартты.
Белгілі болғандай, Коринна Шумахер Норвегиядағы Трюсилде орналасқан жекежайларын 2,5 миллион еуроға, сонымен қатар 2000 жылы үшінші кубогын жеңгенде тізгіндеген Ferrari көлігін саудаға салмақ.
Дереккөз: 24.kz