Алматы әкімшілігі полиция итеріп жіберген ардагерге қатысты пікір білдірді

0
376

 

Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев Жеңіс күнінде 28 гвардяшыл-панфиловшылар саябағында ардагерді итеріп жіберген полицияға қатысты жағдай туралы пікірін білдірді.

Photo: Алматы әкімшілігі полиция итеріп жіберген ардагерге қатысты пікір білдірді

Санжар Боқаев. Фото almaty.tv

 

Еске сала кетсек, Алматы тұрғыны Марина Гяуровның Facebook–тегі жазбасы қолданушылар арасында үлкен дүрбелең туғызған. Автор жазбасында Жеңіс күні 28 гвардяшыл-панфиловшылар саябағында полиция қызметкері ардагерді Мәңгілік алауға гүл шоғын қоюға өткізбей, оны итеріп жіберген, салдарынан соғыс ардагері құлап сынған көзілдірігі қабағын осып кеткенін айтады.

Кейінірек Гяурова қалалық әкімшіліктің ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаевтың осы оқиғаға қатысты пікірін жариялады.

“Сағат 12-00 ге дейін 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағына 90 мың адам келеді. Ұлы Отан соғысының ең жас қатысушысы 90 жаста екенін ескере отырып, саябақтың әртүрлі бес жерінде жедел жәрдем қызметі тұрды. Мен рация арқылы қарт адамның құлағанын және жедел жәрдем қызметкерін шақырғанын естідім. Мені ардагерді полиция итеріп жіберді деген секілді ақпарат толғандырады. Неге кенеттен полиция қызметкеріне ардагерді итеру қажет болған? Әлі тексерілмеген хабарламаға сүйене бермейік. Оқиғаға қатысты бір куәгер болсын, маған жеке жазуын өтінемін. Мен толықтай тексеріс жүргізуге уәде беремін”, – деп сендірді Боқаев.

Сондай-ақ шенді саябақтың барлық жерінде ІІД-нің қандай бөлімшелері қай жерде тұрғандарын да білетінін атап өтті. Боқаев сол күні өзіде құлап, рациясын сындырып алғанын да айта кетті.

“Адамдар күнде құлап жатыр. Әсіресе егде адамдар. Мен оқиғаға қатысты ең болмаса бір адамның куәгер ретінде түсініктеме бергенін қалаймын. Болмаса оқырмандардың санын көбейту үшін болған жайға қатысты дүрбелең туғызбауда сұраймын. Сондай-ақ бүгін саябақта 92 жастағы ардагер жоғалып кетті. Туысқандары таба алмаған. Ал ол шатырда отырған. Ардагердің тұлғасын сипаттау арқылы барлық күшімізді салып 20 минуттың ішінде таптық”, – дейді Боқаев.

Аталаған оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз