АҚШ-та қос полиция қызметкерін атып кетті

0
371
2
АҚШ-тың Миссисипи штатына қарасты Хаттисберг қаласында белгісіз біреулер 2 екі полиция қызметкеріне оқ атып, өлтіріп кетті.
Бұл туралы USA Today хабарлады. Қос құқық қорғау қызметкері қылмыскерлердің оғынан ауыр жараланып, ауруханаға жеткен бойда жан тапсырды. Оның бірі – 34 жастағы Бенджамин Дин, ал екіншісі 25 жастағы Ликуори Тейт екендігі анықталды. Олардың достары екеуі де қызметтеріне адал, алдыңғы қатарлы маман иесі болғандығын айтады. Әзірге қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 3 адам қамауға алынды. АҚШ-та жыл басынан бері түрлі себептермен 44 полиция қызметкері қаза тапса, соның бесеуі Миссисипи штатынан екен.
Авторы: Жігер Сәрсен

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63812-atyp-ketti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз