Македонияның Косовомен шекаралас аумағында атыс болып, 5 полицей көз жұмды

0
436
3
Македонияның Косовомен шекаралас аумағында лаңкестермен қарулы қақтығыс болып, 5 тәртіп сақшысы қаза тапқан.
Тағы 30-ға жуық полицей жарақат алды. Жақында ғана сақшылар Куманово қаласында ірі лаңкестік топтың көзін жойған болатын. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, содырлар мемлекеттік мекемелерге шабуыл ұйымдастырмақ болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, экстремистердің жалпы саны 70-тей болған. Олар Македония аумағына Косоводан заңсыз өтсе керек. Әскери операциядан кейін жергілікті тұрғындар үйлерінен эвакуцияланды.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63785-k-z-zh-mdy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз