Иран астанасы Тегеранда Йемендегі араб елдерінің коалициясының әскери операциясына қарсы наразылық шарасы өтті.
Наразылық шарасына мыңдаған адам қатысты. Мұндай шерулерТегераннан басқа қалаларда да өтті. Белсенділер «Сауд Арабиясы Йемен халқына қысым жасауды тоқтатуы керек» деп ұрандатты. Бас көтеріп шыққандар «бұл әлі басы, алдағы уақытта бұдан да ауқымды акциялар ұйымдастырамыз» деп жар салыпты. Шеруге қатысқандар Иран мен басқа мұсылман елдерінде Йемендегі әскери операцияға қарсы арыз-шағымғақол жинау басталатынын жеткізген. Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің коалициясы Йемендегі шиіттік бүлікшілер хуситтерге қарсы әскери-әуе соққыларын 26 наурызда бастаған болатын. Әуеден берілген соққылардың салдарынан бейбіт халық та қырылып жатыр.
Масжед Жамей, ереуілші:
– Сауд Арабиясы ақылға келсе екен деп тілеймін. Егер олар дұрыс шешімге келе алмаса, онда біржола жойылып кетеді деп сенемін.
Хадиже Рамезани, ереуілші:
– Біз Йеменнің азап шеккен халқына сәлемдерімізді жолдаймыз. Олар Саудия мен Израильдің қысымына қасқайып қарсы тұруда.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/63784-sharasy-tti